«Терминатор сызығы» - Қараңғы мен жарықтың жерге түсетін шекарасы

Oinet.kz 06-11-2019 1246

Жер планетасы.jpg

Жер бетінің барлық бөлігіне бірдей күн түспейтіндігі анық. Солтүстік жарты шарда қазір қараңғы болса, оңтүстік жарты шар жарқырап тұр. Қараңғы мен жарықтың жерге түсетін шекарасын Астрономияда "Терминатор сызығы" деп атайды. Жер күнді айналып бара жатып, өз осін 24- сағатта толық айналып шығады. Осы уақыт ішінде жер бетіне 12- сағат жарық және 12- сағат қараңғы түседі.

Алайда, күннің жазда ұзарып кететіндігі бар. Керісінше, қыста түн ұзарып кетеді. Бұл жыл мезгілдерінің ауысуы кезіндегі жердің эллипс сызығы бойымен 66- градуста еңкейіп айналуына байланысты. Жердің еңкейіп айналуы желтоқсан айынан басталып, науыздың ортасына дейін жалғасады. Бұл уақытта жер бетіне жарық аз түсіп, түн ұзара береді деген сөз. Кейін наурыз айында күн мен түн теңеліп, жерге түсетін сәуле көбейе бастайды. Осы кезден бастап күн ұзарады. Жер ол кезде қалыпты жағдайға түседі.

Бір мезетте Нью-Йоркта түн болса, Лондонда таң атып келе жатады. Ал, Мәскеуде түс болса, Владивостокта кеш батады. Тіпті, полиярлық аймақтарда күн бірнеше уақыт бойы өз ұясына кірмей жүргендей болып көрінеді. Норвегияға мамыр айында барған адам күннің батыстан бата алмай, бір батып, қайта шығып жүруін көруі мүмкін. Бұл Санкт -Петербургта да байқалады. Оны орыстар ақ түндер деп атайды. Кешке таман солтүстік полюс жақтан күннің бата алмай жүргендігі жердің еңкейіп айналатындығын тағы бір айғақтаса керек...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

3 апта бойы күн батпайтын қала
Түрікменбашыға қойылған «Аркадаг» монументі туралы не білеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу