Әр түрлі деңгейде орналасқан сарқырама қай елде?

Oinet.kz 06-11-2019 1048

Сарқырама.jpg

Әр түрлі деңгейде орналасқан Түркиядағы атақты сарқырама. Ол тұздан, судан және ақ жартастардан тұрады. Бүгінде табиғаттың осындай сұлулығын көзбен көруге келетін туристер де көп екен.

Бұл сарқырама геологиялық тұрғыда жер астынан ұзақ уақыт шығып жатқан термалды сулардың жинынтығынан пайда болған.

Сарқырама Түркияның оңтүстік- батысындағы Денизли провинциясында орналасқан. Ол жерді туристер "Памуккале" деп те атайды. Бұл аймақ өзінің ыстық жер асты суларымен, тұзды жерлерімен де белгілі. Әр түрлі деңгейде ағатын сарқырама жер асты сулары арқылы Эгей теңізімен жалғасып жатыр.

Бұл сарқырама бір қарағанда адам қолымен жасалғандай көрінеді. Алайда, ол осындай әсем болып табиғи жолмен өзі қалыптасқан. Тіпті, ондағы көлшіктердің тереңдігі де әр түрлі екен.

Сонымен қатар, әр деңгейдегі суда температура да әр түрлі. Бірінің суы ыстық болса, екіншісі салқын болып келеді...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жер бетіндегі ең асау толқындар қай мұхитта?
Абий Ахмет Али - Эфиопия республикасының премьер-министрі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу