Абий Ахмет Али - Эфиопия республикасының премьер-министрі

Oinet.kz 06-11-2019 947

Президент.jpg

Ол 2019 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель силығын алды. Премьер 20 жылға созылған Эфиопия мен Эритрея арасындағы соғысты тоқтатқан адам ретінде құрметке бөленген. Бұл екі ел арасында территориялық дау ұзаққа созылды. Өйткені, Эритрея бұрын Эфиопияның отары болған еді.

Ал, Ахмет Али Эфиопияның бір премьер- министрі жете алмаған жетістікке жетіп, былтыр Эритрея президентімен 20 жылдық үзілістен кейін алғаш рет кездескен еді. Нәтижесінде, әскери қақтығыс түбегейлі тоқтады. Осының арқасында қаншама адам аман қалып, шекарадағы жағдай реттелді.

Африка көшбасшылары тарихында Нобель силығын алушылар өте сирек. Нельсон Манделодан кейінгі дәуірде енді олардың қатарын 1976 жылы туған Ахмет Али толықтырды. Ол 2018 жылдың басында Эфиопия премьер- министрі қызметіне кіріскен болатын. Ахмет Али енді 10 желтоқсанда өтетін марапаттау кезінде мойынына медаль тағып, қолына 1,2 миллион доллар алады...

Әр түрлі деңгейде орналасқан сарқырама қай елде?
Қашаннан бастап 1 тәулік 25 сағатқа созылатыны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу