Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
1933 жылы Джеймс Анхель есімді Американдық өзінің жеке меншік ұшағымен Амазония орманында алмаз рудасын іздеп жүріп апатқа ұшырайды. Джунглиде 11- күн адасқан ол әлемнің ең биік сарқырамасына кездейсоқ тап болады. Кейін, оның құрметіне бұл сарқырама Анхель сарқырамасы деп аталады.
Бүгінде, Анхель сарқырамасы өзінің биіктігімен таң қалдырады. Елестетіп көріңіз, 300 мың текше метр судың бір мезетте 1054 метр жерден төмен қарай құлауы. Тіпті, сарқыраманың астыңғы бөлігінде асқан жылдамдықтан судың біраз бөлігі буға айналып кете барады екен.
Міне, әлемдегі ең биік сарқыраманың ашылғанына небары 90 жыл болды. Оған дейін сонда өмір сүрген жергілікті үндістер болмаса, жалпы адамзат баласы бұл сарқырама жөнінде білген жоқ. Оның басты себебі Анхельдің адам аяқ баса алмайтын Амазония ормандарында орналасуымен байланысты болса керек...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан