Қария шөбересінің алақанынан су ішсе, жұмаққа барады

Oinet.kz 22-10-2019 1800

Screenshot_2.jpg

— егер біреу əңгіме айтып жатқанда сəби түшкірсе, айтылғандардың бəрінің рас болғаны

—егер бала еш себепсіз тілін шығарса, үйге қандай да бір хабар келеді

— егер бала қолындағы заттарды «шашу» деп шашса, онда бұл үйде той, қуаныш болады.

— баланың еңбегін басуға болмайды, себебі қазақтар баланың бақыты еңбегінде болады деп сенеді. Егер басса, оның миы зақымдалады, өміріне қауіп төндіреді

— егер отбасында тек қыздар туыла берсе, келесі баланың ұл болуы үшін қызға ұлдың есімін береді немесе Ұл-дан басталатын ат қояды. Мысалы, Ұлбала, Ұлдана, Ұлбике

— егер үйге кішкентай бала қыдырып келсе, оны құр қол жіберуге болмайды. Себебі, баланың көңілі, меселі қайтады. Егер қонақ бала үйден көңілсіз күйде, ренжіп шықса, үйден бақ-береке кетеді

— егер бала жерге қолын тіреп, екі аяғының ортасынан басын шығарып жол қараса, бұл жақсы ырым. Көптен күткен қонақ немесе көптен көріспеген ағайын қонаққа келеді

— баланың қарын шашын алғанда, оны тастамай, сақтап қою керек. Себебі, бала қырқынан шыққанша немесе жеті айға толғанша əлсіз болады

— баланың бесігінің бас жағына пышақ, қамшы, қайрақ салып қояды. Бұл жын-шайтан мен зиянкес жəндіктерден қорғайды

— балаға қойдың таңдайын жегізеді, жезтаңдай əнші болады деп сенген

— баланы қырқынан шыққанша түнде алып жүруге болмайды. Оған ай сəулесі түсуі мүмкін, ал ол жаман ырым болып саналады

— егер бала шалқасынан жатып ұйықтаса — белгілі адам болып өседі, бүк түсіп жатса — уайымшыл, егер етпетінен жатса — ойшыл болады. Ал аяқ-қолын еркін созып жатса, батыр, ержүрек болып өседі

— егер қария шөбересінің алақанынан су ішсе, жұмаққа барады

— егер бала қол шапалақтаса, үйге қуанышты хабар келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Қазақ дәстүрінде қалың мал беру болған ба?
Шараптың шығу тарихы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу