Неке жүзігі не үшін тағылады?
Ежелде жас жұбайлар некелерін сиқырдан, теріс ырымдардан қорғау үшін неке жүзігін тағатын болған. Ал Ежелгі Римдіктерде мұндай белгі әйелдің белгілі бір ер азаматқа тиесілі екенін көрсететінін, басының бос еместігін айқындайтын белгі ретінде тағылатын болған. Одан бөлек шеңбер, дөңгелектің өзі тоқтаусыз өмірдің белгісі ретінде қабылданған. Сондықтан да бұл ырым некенің, ерлі-зайыптының бір-біріне берген анты мен уәдесінің, байланысының беріктігі ретінде қабылданған.