Түсіңде жылан көрсең...
Түс көрушіге емес, жорушыға байланысты. Есіңізде болсын, қандай түс көрсеңіз де жақсыға жорыңыз. Бүгін назарларыңызға жылан жайлы бірнеше болжамдарды ұсынбақпыз.
Түсте жылан көру - қорқыныш, үрей, уайым.
Егер жылан биік жерге шықса - қуанышты жаңалық болмақ.
Жыланның биік жерден түсуі - сыйлы адам о дүниелік болады.
Жылан оралып қалса - шын көңілден ғашық болғаныңыз.
Егер түсіңізде жылан сөйлесе - дұшпанының жақсылығын көресіз.
Жылан шақса - ауру, дұшпанынан келетін зиян.
Жылан, шаян секілді улы жәндіктерден үрку - дұшпаннан келетін жамандық.
Жыланның алдыңғы екі аяғын көру - бақытты болу, бағы жану дегенді білдіреді.
Жыланды өлтіру - тығырықтан шығу, ренішті ұмыту.
Ақ жыланды көрсеңіз - тосыннан көмек болады.