Құранды дауыстап оқу есте сақтау қабілетін арттырады

Oinet.kz 14-10-2019 1049

284792_1428245989.jpg

Есте сақтау  - адам баласының ең басты қасиеттерінің бірі. Жас ұлғайған сайын есте сақтау қабілет те төмендей береді. Алайда қазір мұндай кемшілік жастар арасында да жиі кездеседі. Мамандар мұның бірнеше себебі бар дейді. Біріншіден шулы орта, проблемасы көп отбасы адамды күйзеліске алып келеді. Ал күйзеліс жадының нашарлауына себеп болады. Таза ауада көбірек жүру, тыныш әрі уақытылы ұйықтау мен бірқалыпты жұмыс кестесі есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі. Екіншіден уақытылы тамақтанбау, майлы, ащы, тәтті тағамдарды көп қолдану, газды сусындарды, кофе мен шайды жиі қолдану есте сақтауды нашарлатады. Үшіншіден салауатты өмір салтын ұстанбау, яғни  спиртті ішімдіктер, шылым шегу, энергетикалық сусындарды тұтыну мидың жұмысына кері әсер етеді. Төртіншіден В 12 дәрумені мен фолий қышқылының жетіспеуі де ұмытшақтыққа әкеліп соқтырады. В 12 дәрумені сиырдың бауырында, ет, балық өнімдерінде, жұмыртқаның сары уызында кездеседі. Фолий қышқылы жасыл түсті көкөністерде, орамжапырақта, қарақатта, бүлдіргенде, қызылша, жасыл бұршақ, сәбіз, асқабақ, қиярда, саңырауқұлақ, банан, апельсин, қауын сияқты көкөністер мен жеміс-жидектерде өте көп. Сондай-ақ  ақ халаттылар дәрі-дәрмектерді жиі қолданбауға кеңес береді. Мамандар құранды дауыстап оқу, есептер шығару, түрлі логикалық жұмбақтарды шешу есте сақтау қабілетін жақсартатынын дәлелдеп отыр.

Дәрінің орнына тышқанды қолданған
Ыстық тамақ ішпеңіз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу