Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Швед медицина орталығының дәрігері Шеннон мен Майк Гимбелдерге шаранадағы егіздердің бірінен бас тартуға тура келетінін айтады. Мамандар егіздерге фето-фетальды трансфузия деген диагноз қояды. Яғни қос бүлдіршіннің қан тамырлары бірігіп кеткен.
Екеуіне бір қан тамыр болғасын жуық арада бір баланы алмаса ол екіншісінің өмірін бәрібір жалмайды екен. Есеңгіреген ерлі-зайыптылар бір шешімге келе алмай жатқанда дәрігер Кент Хейборн өзге таңдау ұсынады. Ол АҚШ-тің Юта штатындағы хирургтармен байланысқа шығып әйелдің жатырына лазерлі ота жасап, егіздерді жабыстырып тұрған қан тамырларын күйдіреді. Үлкен тәуекелмен жасалған операция сәтті өтіп, қыздар аман қалады. Риз бен Маккенна екі айдан кейін он екі мүшесі сау болып дүниеге келеді.