Алопеция ауруы

Oinet.kz 26-09-2019 2629

Алопеция шаш түсуі мен шаш азаюуы немесе біржолата түсуі секілді белгілерді қамтитын күрделі ауру. Және бүгінде алопецияға қарсы нақты профилактика немесе орнықты емі табылмаған.

Алопеция бүгінгі күнде кішкентай баладан, еңкейген қартқа дейін мазалайтын қатерлі ауру болып есептелінеді.

Жалпы, шаш пен бас терісін зерттейтін ғылым трихология деп аталса, шаштың түсуін алопеция дейміз. Қазіргі кезде, өкінішке қарай, алопеция балалар арасында да жиі кездесетін болыпты. «Шаш­тың түсуі» деп бір сөзбен айта салғанымызбен, С.Асфен­дияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті­нің дермато-венерология модулінің доценті Лейла Сағидолдинаның айтуынша, алопеция әр түрге бө­лінеді. Көп жағдайда оның се­бе­бін анықтау қиынға соғады. Жалпы, тері ауруларының көбінің пайда болу себептері анық емес екен. 

Алопецияның әр түрі бар. Дифузды, ошақты алопеция және т.б. Мысалы, мерез ауруының екінші сатысында шаштың, қастың, кірпік­тің түсуі байқалады. Мерез ауруы – жыныстық жолмен жұғатын инфек­ция. Ол да дифузды немесе ошақты болуы мүмкін. Саңырауқұлақ аурула­рында да шаш түседі. Ол қалай? Шаш түбінен немесе 1-2 миллиметр дең­гейінде сынады. Сол секілді әртүрлі күйзеліс факторлары да шаштың түсуіне әкеледі. Сондай-ақ майлы себорея деген бар. Ол майдың шектен тыс бөлінуі, яғни май бездері қызме­тінің жоғарылау салдарынан шаш түседі. Оған қоса, әртүрлі экология­лық фак­торлардың, қоршаған ортаның әсерінен де, ағзаның ула­нуынан да шаштың түсуі байқалады. Жүктілік кезінде, босанғаннан кейін де шаш түсетіні көбіне белгілі. Бірақ кейін ол қайта қалпына келеді. Демек, шаш әртүрлі жағдайларда түседі. Яғни гармондардың сәйкес­тігінің өзгеруі шаштың түсуіне әкеп соғады. Ал бастың таз болуына қатысты айтар болсам, Гофман деген ауру түрі бар. Бұл кезде бас іріңдеп, үлкен ісіктер пайда болып, сол жерлерде шаш шықпай қалады. Айта кету керек, андро­генді алопеция деген тұқым қуа­лайтын ауру бар. Ол да гормондық бұзылыстың әсерінен болады. Бұл жағдайда 30 жастан асқаннан кейін шаш түсе бастайды. Ол қалпына келмейді.

Туберкулез дененің кез келген жерінде болады
Шаш түсуін диетамен тоқтат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу