Туберкулез дененің кез келген жерінде болады

Screenshot_13.jpg

Туберкулезді емдеп жазуға болады. Соған қарамастан одан жылына мыңдаған адам бақилық болып жатады. Алдын алу үшін де, емдеп жазу үшін де ауруды алғашқы сатысынан бастап емдеу керек. Сондықтан туберкулездің белгілерін біліп, одан сақтана білу қажет. 

Туберкулездің анағұрлым кең тараған белгілері: Ұдайы жетеледі, ұйқыдан тұрғанда жөтел қатты қинайды. Түстен кейін аздап ыстық кетеріледі және түнде терлеп қалады. Кеуде немесе белдің жоғары бөлігі ауыруы мүмкін. Ауру адам біртіндеп салмағын жоғалтады және әлсіздігі күшейе түседі. 

Аурудың келесі сатысында науқас жөтеліп, әдетте аздап қан түкіреді. Бірақ қанның көп кететіні де болады. Терісі бозарып, босап қалады. Терісінің түсі өзгеріп, әсіресе беті ақшыл тартады. Дауысы қырылдап шыға бастаса қатердің күшейгені.  

Жас балаларда жөтел кейіннен басталады. Бірақ мына белгілерге назар аударғаныңыз абзал. Ұдайы салмағын жоғалтып, жиі ыстығы көтеріледі. Терісі бозарып, мойнында (лимфа бездері) немесе іште бітеу жара (ісік) пайда болады. 

Туберкулез әдетте өкпені зақымдайды, бірақ ол дененің кез келген жерінде болуы мүмкін. Жас балаларда ол менингитке ұласуы мүмкін. Тері туберкулезі де болады. 

Бұл дәрілерді дәрігердің берген нұсқауын қатаң сақтай отырып қабылдау өте маңызды. Кемінде бұлардың екеуін бір мезгілде қабылдау қажет. (Бұл дәрілерді қабылдау кезіндегі сақтық шараларын қабылдаңыз). Дәрілерді қашан дәрігер сіздің толық сауыққаныңызға көз жеткізгенше іше беріңіз. Өзіңізді жақсы сезіне бастағаннан дәріні қабылдауды тоқтата салмаңыз. Туберкулезден толық жазылу үшін 6 айдан бір жылға дейін және одан да көп уақыт керек. 

Мүмкіндігінше құрамында қуат беретін витаминдер мен протеин мол тағам түрлерін көбірек ішіңіз. 

Аурудан айығуда демалыстың да үлкен маңызы бар. Мүмкіндігінше жұмыс істемеңіз және қашан өзіңіз оңалып, тәуір болғанша ештеңеге көңіл бөлмеңіз, жаныңызды жабырқатпаңыз. Оңала бастағаннан кейін қатты шаршамауға және тым іштей ширықпауға тырысыңыз. Әрқашанда уақытыңыздың көбін демалыс пен ұйқыға бөліңіз. 

Дененің басқа жеріне түскен туберкулез де өкпе туберкулезін емдегендей жолмен емделеді. Бұл жерде әңгіме мойын безінде, қарын қуысында, теріде және буындарда, мысалы, тізеде болатын туберкулез жөнінде болып отыр. Туберкулез сәбидің омыртқасына түссе, бала сал болып қалмас үшін оған операция жасауға тура келуі мүмкін. 

Туберкулез өте жұқпалы! Туберкулезбен ауыратын адамдармен бірге тұратын, әсіресе балалар, бұл ауруды тез жүқтырады 

Егер сіздің үйіңізде біреу туберкулезбен ауырса, отбасы мүшелерінің бәрі туберкулинге анализ тапсыратын болсын. Балаларды туберкулезге қарсы прививкамен вакцина жасатқызыңыз. Отбасы мүшелерінің бәрі, әсіресе балалар жақсы тамақтануға тиіс. Туберкулезбен ауыратын адам ауырып жүрген кезінде балалардан бөлек, мүмкіндігінше жеке бөлмеде ұйықтап, жеке бөлмеде тамақтануы керек. Одан аузын жауып жөтелуін және еденге түкірмеуін өтініңіз. Отбасы мүшеперінің бәрінің салмағындағы өзгерістерді және туберкулездің басқа да белгілерін қадағалап отырыңыз. Жұғу қаупі жойылғанша ай сайын барлық отбасы мүшелерін, әсіресе балалардың салмағын өлшеп тұрған жөн. Туберкулез отбасы мүшелерінде өте жай және кенеттен басталады. Аурудың белгісі сәл білінісімен жедел тексертіп, бірден емдеуді бастаңыз. 

Алдын-алуға әлеуметтік алдын алу және дене шынықтыру мен спорт, халықтың еңбегі және тұрмысы, өмір салтын сауықтыру бойынша санитарлық-гигиеналық шаралар жатады. 

Туберкулезді емдеу – ұзақ процесс, шыдамды болыңыздар. Егер сіз туберкулезбен ауырып емделген болсаңыз, қайта ауырып қалмас үшін имунитетті түсірмеу қажет. Міндетті түрде құнарлы, дәрумендерге бай тамақ, қосымша дәрумендердің өзін қабылдап отыру қажет. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жүктілік кезіндегі токсикоз ана мен бала өміріне әсер ете ме?
  • Сүйелшөп – жүз аурудың емі
  • Зат алмасу процесін жылдамдату үшін...
  • Уринотерапия пайдалы ма, зиян ба?
  • Жүрек неге қатты соғып кетеді?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика