Нұр-Сұлтан қаласында екі бала менингит жұқтырды
7 қыркүйек күні еліміздің астанасы Нұрсұлтан қаласындағы №30 мектепке дейінгі мекемесінде 4 және 5 жастағы екі баланың менингит жұқтыруы тіркелген. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының баспасөз қызметінде дүрлігудің қажеті жоқ екенін мәлімденген. Қауіпсіздік үшін балабақшаға балаларды қабылдауға және бір топтан екінші топқа ауыстыруға, сонымен қатар көпшілік іс-шаралар өткізуге тыйым салынған.
«Қосымша ылғалды тазалау жұмыстары, залалсыздандыру құралдарын пайдалану, желдету ұсынылған. Екі апта көлемінде екі баламен контактіде болған балаларға медициналық бақылау ұйымдастырылған», - делінген басқарма ведомствосында.