Түркістан облысының дәрігерлері 250 көз операциясын тегін жасайды

Oinet.kz 27-05-2026

коз.jpg

Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасы көрсетілетін медициналық көмек ауқымын едәуір кеңейтті. Бұл туралы аурухана басшысы Рамазан Бектұрғанов айтты.

Бүгінде өңірдегі офтальмологиялық қызметінің негізгі базасы саналатын аурухана құрылымына бюджеттік консультативтік-диагностикалық емхана, шаруашылық есеп емханасы, қабылдау бөлімшесі, операциялық блок, рентген-кабинет, орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесі, клиникалық зертхана, ауруханаішілік дәріхана, бухгалтерия, әкімшілік-шаруашылық бөлім кіреді.

– Біз өңірлік офтальмологиялық орталықпыз және соған сай көмек мәселелерін тиісті деңгейде шешуге тиіспіз. Көз түбінің патологиясын емдеу мәселесі өткір тұр. Қант диабетімен сырқаттанушылықтың артуы көптеген науқастардың көз ауруларын тудырады. Атап айтқанда, диабеттік ретинопатияның өршуі салдарынан көзішілік қан кетулер болуы мүмкін. Тікелей корреляция бар: қант диабетімен ауыратын науқастар неғұрлым көп болса, біз ретинопатияны жиі байқаймыз. Сонымен қатар, жасқа байланысты өзгерістер де торлы қабықтың күйіне әсер етеді және оның жұқаруы толық бөлінуге, қан кетуге әкелуі мүмкін. Жаңа жабдықтың арқасында біз қазір орталықта витреоретинальды операцияларды жасай аламыз. Бұл Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындарына өңірден шықпай-ақ күрделі жоғары технологиялық хирургиялық операцияларды осында жасатуына мүмкіндік береді, – дейді Рамазан Сейдахметұлы.

Витреоретинальды операциялар жоғары класты қымбат жабдықта жүргізіледі. Операциялық жабдық шамамен жүз миллион теңге тұрады. Аурухана ұжымы бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында әр түрлі нұсқаларды қарастыра отырып, ең оңтайлы шешімі – қажетті жабдықты лизингке сатып алған. Яғни, оның құнын медициналық мекеме тапқан қаражатынан өтейді. Келісімшарт бойынша жабдық 27-30 айдан соң аурухананың меншігіне өтеді. Жабдықты лизингке алмас бұрын, ұжым операциялардың құнын және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан (ӘМСҚ) толықтыруды ескере отырып, барлық экономикалық компонентті есептеген. Бұдан республикалық та, облыстық бюджет те зардап шекпейді, барлық жүктеме ауруханаға артылады.

Қазіргі уақытта өңірде витреоретинальды операцияны қажет ететін екі мыңға жуық адам бар. Бұл – тек тұрғылықты жері бойынша емханаларда тіркелген пациенттердің саны. Операциялар Міндетті әлеуметтік міндетті сақтандыру (МӘМС) шеңберінде жүргізіледі. Медициналық ұйымдар толығымен ӘМСҚ тарапынан қаржыландыруға тәуелді.

Биыл бұл аурухананың мамандары витреоретинальды операцияның 250-ге жуығын тегін негізде жасауды жоспарлаған. Мұндай күрделі операцияларды жасау үшін хирургтің тәжірибесі мол болу керек. Сондықтан да емдеу мекемесінің ұжымы алдымен мамандарды алдын ала даярлықтан өткізген. Қазіргі уақытта олар екі жыл бойы жоспарлаған операцияларды микрохирургиялық бөлімше базасында сәтті жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта аурухана құрамындағы емханада он екі дәрігер тоқтаусыз жұмыс істейді.

– Біз биыл рефракциялық хирургияны – көру қабілетін лазерлік түзетуді енгізуді жоспарладық. Бірақ, өкінішке қарай ауруханамыздың қаржылық мүмкіндіктері шектеулі. Бұл жабдықтың құны өте жоғары – шамамен 700 миллион теңге. Өз бетімізше, тіпті қаржылық лизинг арқылы да оған қол жеткізе алмаймыз. Мұндай операциялар бізде тек ақылы негізде жүргізіледі. Бұрын азаматтар зейнетақы жинақтарын стоматологиялық және офтальмологиялық қызметтерге жұмсай алатын. Бірақ былтырдан бастап бұл қаржыландыру көзі алынып тасталды, сондықтан көптеген жастар қаржы жинауға немесе несие алуға мәжбүр. Біздің есептеулеріміз бойынша, егер республикалық бюджеттен көмек болмаса, қазіргі уақытта операциялардың бұл түрін енгізу бізге экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Бірақ, біз солай екен деп қазіргі жетістіктерімізбен шектеліп, тоқтап қалмауға және барлық бағытта дамуға тырысамыз, – дейді аурухана басшысы.

Кератоконус сияқты аурумен ауыратын науқастардың санаты бар. Әдетте қасаң қабық жарты шар тәрізді болады. Анатомиялық ерекшелік жағдайында, миопияның дамуымен (әсіресе жас адамдарда) қабық жұқарады және конус тәрізді болады, бұл көру қабілетінің бұзылуына әкеледі. Мұны көзілдірікпен түзету қиын, сонымен қатар қабықтың перфорациясы, оның жыртылу қаупі жоғары. Адам спортпен де, басқа физикалық жаттығулармен де толықтай айналыса алмайды, өзін шектеуге мәжбүр. Көру қабілеті нашарлағанымен мұндай пациентке мүгедектік берілмейді. Қазір мұнда мамандар cross-linking хирургиялық емдеу әдісін үйреніп жатыр. Cross-linking – қабықтың қабатын уақытша нығайту. Ғылыми әдебиеттерге сәйкес, уақытша нығайту 3-4 жастан 5-6 жасқа дейін. Пациентке он жылға бір процедура жеткілікті болатын жағдайлар да кездеседі. Сондықтан аурухана басшылығы осы бағытта шешім қабылдап, биыл Cross-linking әдісін енгізуді жоспарлап отыр.


Кентауда ауданаралық лапароскопиялық орталығы ашылады
Бала көзінің сырқатына салғырт қарауға болмайды!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу