Түркістан дәрігерлері нәрестенің өңешінен ине алды

Oinet.kz 24-05-2026

ине.jpg

Түркістан облыстық балалар ауруханасының хирургы Мұхағали Темірбеков пен эндоскопист Бабыр Ырысқұлов бірлесіп, 9 айлық сәбидің өңешіне қадалған инені сәтті түрде алып шықты. Білікті мамандар осылайша уақыт жоғалтпай, эндоскопиялық әдісті сәтті қолданды.

Ауырып мазасызданған нәресте Түркістан облыстық балалар ауруханасына түнгі уақытта жедел жәрдем қызметі арқылы 9 айлық сәби шұғыл түрде жеткізілді. Мамандар шұғыл медициналық  тексерулер барысында өңеште тұрып қалған бөгде заттың барын байқады. Белгілі болғаны – сәби абайсызда ине жұтып қойған. Дәрігерлер дереу рентгенологиялық тексеру жүргізіп, бөгде заттың нақты орналасқан орнын анықтады.

Осылайша медициналық көмектің жедел әрі кәсіби көрсетілуінің арқасында ықтимал асқынулардың алдын алу мүмкін болды.

Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Сәби дәрігерлердің бақылауында болып, кейін үйіне аман-есен шығарылды. Дегенмен, мамандар ата-аналарға балалардың қолы жететін жерде ұсақ әрі өткір заттарды қалдырмауды ескертеді. Осындай жағдай орын алса, уақыт жоғалтпай, дереу медициналық көмекке жүгіну өте маңызды.


Байдуәлиев өзекті мәселелерді тұрғындармен талқылады
Балалардың денсаулығы – ортақ жауапкершілік!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу