Балалардың денсаулығы – ортақ жауапкершілік!

Түркістан облысында Қазығұрт ауданының дәрігерлері ата-аналармен жиын өткізіп, профилактикалық екпелердің маңыздылығын түсіндірді. Медицина мамандары Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына қарасты Рабат дәрігерлік амбулаториясында Еуропалық иммундау апталығы аясында ұйымдастаралыған кездесуде екпеден бас тартудың ықтимал қауіптері болу мүмкін екенін айтып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Ата-аналар арасында жүргізілген профилактикалық екпелердің маңыздылығын түсіндіру жұмыстарына Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы басшысының емхана ісі жөніндегі орынбасары А.Ақынгазиева, балалар дәрігері А.Әбдіқалық, психолог Г.Камбарова, Қазығұрт аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бас маманы С.Салтаева, «Жастар ресурстық орталығы» басшысының орынбасары М.Абдуллаева қатысты. Кездесу барысында мамандар ата-аналарға профилактикалық екпелердің маңыздылығы, жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі және балалардың денсаулығын сақтаудағы қажеттілігі туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, екпеден бас тартудың ықтимал қауіптері түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар ұсынылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халық арасында иммундау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған алдын алу шараларын насихаттау. Балалардың денсаулығы – ортақ жауапкершілік!


