Байдуәлиев өзекті мәселелерді тұрғындармен талқылады

Түркістан облысының тұрғындары медициналық ұйымдардағы дәрігер тапшылығын, көрсетілетін қызмет сапасы мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жоспарлы ем алу және диагностикалық тексерулерге қолжетімділікті Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдуәлиевпен бірге талқылады. Аталған денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелер Денсаулық сақтау басқармасы басшысының азаматтарды жеке қабылдауы барысында тұрғындар тарапынан бірқатар көтерілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары назарға алынып, оларды шешу бағытында нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасатыны атап өтілді. Тұрғындардың құқықтарын қорғау және сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі екені ерекше айтылды. Айта кету керек, мұндай жеке қабылдаулар халықпен кері байланысты нығайтып, саладағы өзекті мәселелерді жедел анықтап, тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.


