Аяқ саңырауқұлағынан қалай арылуға болады?
Аяқ саңырауқұүлағының пайа болу себептері біршама. Және ең көп кездесітіні де гигиена болып табылады. Аяқ ерекше күтім мен тазалықты қажет ететіндігін көбіміз естен шығарып жатамыз. Егер де кез келген жастағы адам аяғын уақылы жумаса, қорғаныс иісмайын жақпаса, саңырауқұлақ проблемасын кезіктіретін анық.
Сондай-ақ аяқ саусақтарының қатпарларында саңырауқұлақтың пада болуына түрткі болатын тағы мынадай факторлар кездеседі:
гипергидроз (аяқтың тершеңдігі);
қолайсыз немесе тығыз аяқ киім кию. Мұндай аяқ киім микроағзалар үшін тамаша температура режимін жасайды;
эндокриндік жүйенің аурулары, атап айтқанда қант диабеті;
күн бойы аяққа ауыр салмақ салу.
Саңырауқұлақ жұқпалы ма?
Саңырауқұлақ жұқпалы ауру, оны көбінде қоғамдық орындарда, хауыз, монша, аурухана душтарында жұқтырып алу қауіпі жоғары. Сондықтан қоғамдық орындарға барғанда, аяғыңызға мінетті түрде резеңке шәркей киіп алғаныңыз жөн.
Есте сақтаңыз: Ешкіммен аяқ-киім ауыспаңыз. Ол сіздің жеке гигиеналық затыңыз. Және педикюр немесе косметикалық процедураларға барарыңызда тек өз ісінің мамандарын таңдағаныңыз абзал.
Аурудың алғашқы белгілері.
тырнақ пластинасы ірілейді, сары және тіпті ериді;
тырнақтың сынуы артады;
жағымсыз иіс пайда болады;
тырнақтың астында сары немесе ақ жолақ пайда болады.
Емі.
Егер де аяқ саңырауқұлағын дер кезінде емдемес ең алдымен сіздің аяғыңызда ыңғайсыздық басым болады, екіншідер ол өршігіп көбейеі, үшіншілһден тершеңдік басым болып жағымсыз иіс пайда болады.
Негізінен саңырауқұлақ емі үшін:
дәрі-дәрмектер (таблеткалар);
спрей;
опалар;
кремдер;
ванна;
халық емі қолданылады.
Саңырауқұлақты кетіретін иісмайлар.
Экзодирил кремі. Егер де саңырауқұлақ жаңа пайда болып, одан дереу құтылу жолын іздесеңіз Экзодирилдің сізге көп көмегі тимек.
Залаин жақпамайы. Бұл жақпамайды таңертеңгісін және кешкілік жаққан жөн. Және қолданбас бұрын аяқты сабынсумен жақсылап жуу қажет.
Клотримазол кремі. Аталған кремді аяғы ауыр әйелдерге жағуға болмайды. Жақпамай күнине 2-3 рет жағылуы қажет.
Дәрі-дәрмекпен емдеу
Егер кремдер мен майлар көмектеспесе, дәрі-дәрмектердің көмегіне жүгінген жөн. Препараттар тізімі әрине өте көп. Дегенмен төменде арзан және қауіпсіз түрлері көрсетілген.
1-2 апта ішінде қабылданатын 50 мг дозада" Флуконазол";
Күніне 1 рет 2 капсуладан қабылдайтын" Итракон";
Ересектер мен жасөспірімдер тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан (250 мг) қабылдайтын" Экзифин".
Үйде дәрі-дәрмектерді дәрігердің кеңесінсіз қабылдауға болмайды, әйтпесе аллергиялық реакция немесе дисбактериоз дамуы мүмкін.