Әлемдік медицинада өттен табылған ең көп тас

Oinet.kz 20-08-2019 1008

Өттегі тас.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды

Науқастың өтінен алынған ең көп тастың саны – 831. 2002 жылы румыниялық дәрігерлер осындай медициналық рекорд орнатқан. 

Өтте тас байлану, яғни холелитиаз – адам организмінде зат алмасу, әсіресе май алмасу процесінің бұзылуынан туатын ауру. Дерт өт қабығында көлемі, құрамы және сыртқы пішіні әр түрлі тастардың түзілуімен сипатталады. Өтте тас байлану көне заманнан белгілі. Бұл ауру туралы деректерді Гиппократ, Әбу Насыр әл-Фараби, ежелгі римдік энциклопедист-ғалым А.К.Цельстің еңбектерінен кездестіруге болады. Өтте тастың пайда болуына семіру, қант диабеті, холецистит, ұйқы безінің қабынуы (холецистопанкреатит) әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, әр түрлі жұқпалы ауруларды дер кезінде емдемеуден де болады. Оттегі холестерин шала ыдырауының әсерінен өт қабы мен өт жолы қабынып, ісініп тарылады. Өт баяу жүреді, ал оның құрамындағы заттар бірте-бірте шөгіп тасқа айналады. Өт жолын тас бітегенде адамның денесі сарғайып, жиі кекіру басталады. Ауруды ультрадыбыспен зерттеу арқылы анықтайды. Алдын алу үшін тамақты аз-аздан, тәулігіне 5-6 рет ішу керек. Рационнан аса майлы тағамдарды шығарған жөн.


Госпиталь сөзі қандай мағына береді?
Неге ыстық бастан шығады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу