АИТВ (ВИЧ) адамға қалай жұғады?
АИТВ – дегеніміз АИТВ (ВИЧ) – адамның иммун тапшылығы вирусы. АИТВ адам ағзасын әртүрлі инфекциядан қорғайтын қорғаныш (иммунды) жүйені зақымдайды.
АИТВ қалай жұғады?
Сақтанбай мүшеқапсыз (презервативсіз) жыныстық қатынасқа түсу кезінде;
Лас иньекция құралын бірлесіп (кезектесіп) қолдану арқылы және есірткі дайындау құралдарын бірге пайдаланғанда;
Стерильденбеген дене әшекейлеу (татуировка) және сырға салу (пирсинг) құралдарын бірлесіп (кезектесіп) қолдану арқылы;
Егер бөтен адамның қырыну құралдары мен тіс шаю щеткасын қолданса;
АИТВ анадан жүктілік, босану және емізу кезінде балаға жұғу қаупі жоғары болады;
АИТВ – ны қалай анықтауға болады?
АИТВ – ны анықтаудың жалғыз әдісі – қанды зертханада тексеру арқылы анықтайды. Тексерілу тегін жүргізіледі.
Жазира Кожикова,
Оңтүстік қазақстан облыстық СПИД орталығы лаборатория бөлімінің зертхана маманы