Неліктен адамдар шектен тыс шаршайды?
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды
Шаршау – адамдарға үйреншікті жағдай. Шектен тыс шаршауды әлсіздік синдромы немесе созылмалы шаршау синдромы деп атайды.
Халықаралық аурулар құжатында әлсіздік синдромы былай сипатталған: бұлшықет ауруы, бас ауруы, бас айналу, ұйқының бұзылуы, асқазанның бұзылуы секілді жағымсыздықтардың бірнешеуінің қосылуы және үнемі әлсіздік сезіну, кез келген жүктемеге жылдам шаршау, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі байқалады.
Адам асығыстықта қарапайым шаршаудың алғашқы белгілерін байқамайды және ағзаны қалыпқа келтіру үшін үзіліс жасамайды. Адам демала алмаса немесе іштей өзіне демалуға тыйым салса және оған сыртқы жағдайлар баланың дүниеге келуі, тұрғылықты орынды ауыстыру, жаңа жұмыс, міндеттердің өзгеруі және т.б қосылса, созылмалы әлсіздікті айналып кету мүмкін емес.