Нобель сыйлығын медицина саласында алғаш кім алған?

Oinet.kz 07-08-2019 1328

нобель галым.jpg

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды

ХХ ғасырдың басында дифтерия дерті жыл сайын мыңдаған балалардың өмірін алды. Себебі медицина аталған аурудың алдында дәрменсіз болатын. 

1891 жылы Рождество қарсаңында дифтериядан жан тапсырғалы жатқан берлиндік балаларға дәрігер Эмиль Беринг алғаш рет жаңа сарысу инъекциясын екті. Жаңа препарат балалардың өмірін құтқарып қалды.  1901 жылы Эмиль балаларды құтқарғаны үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталды. Беринг медицина саласы бойынша Нобельмен марапатталған алғашқы ғалым. 

Рейно – өмір бойы емделеді
Бас сақинасы неге мазалайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу