Инсулин гормонын кім ойлап тапқан?

Oinet.kz 06-08-2019 1767

кант диабети.jpg

Суретте Грант Бантинг

Қант диабетімен ауыратын жандар Фредерик Грант Бантингке қарыздар. Себебі ол дәл осы науқастардың өмірін сақтап қалатын инсулин гормонын ойлап тапқан. Канадалық дәрігер осы еңбегі үшін 1923 жылы Нобель сыйлығымен марапатталған. Ол кезде Фредерик небәрі 32 жаста болған. Ол  физиология мен медицина саласындағы ең жас лауреат. Ғалым бұл марапатқа ассистенті Чарльз Бестті де лайықты деп санағандықтан  Нобель сыйлығының жартысын бөліп берген екен. 

Ф.Бантинг еңбегінің белгісі ретінде Бүкіләлемдік диабетпен күрес күні оның туған күнінде – 14 қарашада атап өтіледі.


Жаяу жүрудің қандай пайдасы бар?
Құлықтың иісі ұлт таңдайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу