Қара өріктің қандай пайдасы бар?
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Ресми медицина қара өрікті пайдаланып ішек-қарын жолдары ауруларын, бүйрек, бауыр мен жүректі емдейді. Дегенмен қара өрік кейбір жағдайда емдік препарат ретінде жарамайды. Атап айтқанда, семіздікпен, диабетпен ауыратын адамдарға қара өрікті жеуге болмайды. Сондай-ақ, бала емізетін аналарға, кішкентай балаларға қорек етулеріне болмайды. Өйткені оның әсерінен асқазан ауруы мүмкін.
Халық медицинасында да қара өрік кәдеге жараған. Оның құрамында А дәрумені көп болғандықтан, көзді емдеуде қолданылған. Ол жүрек қызметін жақсартуға және қан қысымы жоғары адамдарға көмектеседі. Қара өріктің көмегімен күс пен терінің қажалуын жазуға болады.