Сағыздың қандай зияны бар?

Oinet.kz 05-08-2019 1427

живашки.jpg

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Сағызды осыдан 140 жыл бұрын Америкада ойлап тапқан. «Кәрі құрлықта» сағыздың 100 түрі өндіріледі. Орта есеппен әрбір американдық азамат жылына 300-ден астам сағыз пайдаланады. 

Жарнамаға сенсек, сағыз адам ағзасына пайдалы. Ал шын мәнінде  оның құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді. Екіншіден, Е-320, Е-322, Е-414, Е-422, тағы сол сияқты компоненттердің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады. Үшіншіден, сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады. Төртіншіден, сағыздан тістің сыртқы қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болады. Бесіншіден, сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепкер. 


Қара өріктің қандай пайдасы бар?
Адамның қолына қарап ауруын қалай анықтайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу