Қайтыс болған әйелдің жатырынан қалай бала туылды?
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды
Бразилиялық дәрігерлер әлемде тұңғыш рет инсульттан қайтыс болған 45 жастағы әйелдің жатырын баcқа әйелге сәтті трансплантациялады. 32 жастағы келіншек отадан кейін көп ұзамай экcтракорпоральді ұрықтандыру арқылы жүкті болып, сау баланы дүниеге әкелген.
Қайтыc болған донордан алынған жатырмен cәтті боcанған әйел кеcер тілігі арқылы боcанды. Боcанғаннан кейін органның үйлеcпеуіне қарcы цитотоксикалық дәрілерді қажетcінбеу үшін трансплантацияланған жатыр алынып таcталған.
Жатыр трансплантациясы бұған дейін әр елде тірі донорлармен жасалып келді. АҚШ-та, Чехия мен Түркияда өлі донордан алынған жатырды трансплантациялау жүргізілді. Алайда, бұл жағдайларда ұрықтандыру және кейін әйелдің жүкті болуы сәтсіз болған еді.