Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Шымкент қалалық №3 ауруханада үшінші мәрте емделіп жатырмын. Бұл емдеу мекемесі өзіме ерекше ұнайды. Ұнайтын себебі мұнда медицина қызметкерлері нағыз өз ісінің мамандары. Барлығы да кәсіби білікті жандар. Сонымен бірге науқастарға ерекше ізет, ілтипат көрсетіп тұрады. Сол үшін де осындағы барлық медицина мамандары айрықша құрметке лайық азаматтар.
Біріншіден осы ұжымды сүттей ұйытып отырған аурухананың бас дәрігері Сәрсен Пернебековке мың алғыс. Ауруханада тәртіптің болуы, қызметкерлерінің өз міндетін адал атқаруы осы кісінің арқасы деп білемін.
Оның қоластында істейтін барлық дәрігерлер мен медбикелердің жұмыстарына өте ризамын. Келіп түскен науқастарға бір қабақ шытқандарын көрмедім. Үнемі асты-үстіңе түсіп, жағдайыңды сұрап, тамақ ішсең, «ас болсын» деп көңіліңе қарап жүреді.
Медицина қызметкерлері деген шынымен де осындай болу керек шығар деп түйдім өзім ішімнен.
Бас дәрігердің орынбасары Орифжон Тойчибаевке, мен емделіп жатқан неврологиялық бөлімше меңгерушісі Гүлжахан Бердалиеваға, дәрігер невролог Дурдона Бейсеноваға, неврология бөлімшесінің медбикесі Мохинур Мираматоваға, бас медбике Малика Турсуметоваға алғысым шексіз.
Тіпті кіші медициналық персоналға шейін көңілімізді аулауға тырысады. Сол себепті бөлімшенің тазалықшысы Мавлуда Мусамедоваға да ерекше ыстық лебізімді білдіргім келеді.
Әрдайым еңбектерін жана берсін, шаңырақтарына тек бақ-береке тілеймін ақ халатты абзал жандар!
Арыстан ҚОЖАМҚҰЛОВ,
Шымкент қаласының тұрғыны.