Рахмет, саған, дәрігер!
Дәрігер мамандығы – ең асыл да мәнді мамандықтардың бірі. Олар адам өмірін сақтап, әр адамның өмір сүру сапасын жақсартуға қолдан келгеннің бәрін жасау арқылы ұлт денсаулығын сақтауға үлес қосуда. Адам жанының арашашысы болып жүрген Шымкенттік білікті дәрігердің бірі «Kameya» көпсалалы клиникасында жұмыс істейді. Терапевт дәрігер Ақтолқын Шайхысламова мен медбике Мөлдір Тұрымбетованы клиникаға келушілер жақсы таниды. Екеуінің емі де, сөзі де жанға дауа, сырқатқа шипа дейді қызметіне жүгінгендер.
Клиниканың қызметіне көп жүгінетін Перизат Ахметова: «Ақтолқын мен Мөлдірмен сөйлескеннен-ақ, сырқатыңды ұмытасың. Мінәйі мінездері мен сыпайы сөйлегендеріне қарап жүрегің жылиды. Кей дәрігерлер секілді әр адамның алдына жұмсамай, сұранысыңды қанағаттандырып, ұзын сонар дәрі жазбай, нақты емді ұсынады. Ай сайын хабарласып, халімізді сұрап, мейірімділік танытады. Міне, дәрігер деген осындай болса ғой» деді айрықша алғысын білдіріп.
Рас, сөздің құдіреті күшті. Сыпайы сөзімен-ақ науқастардың сырқатынан арылуына сеп болып жүрген қос медицина қызметкерлеріне біз де алғыс білдіреміз! Бастысы, ауырмайық!