Қандай сезіммен ішілген ас тез қорытылады?

Oinet.kz 01-08-2019 1105

golod-i-appetit.jpg

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды. 

Ауыз – ішкі асхананың алғашқы бөлімшесі. Дәмді тамақты көре салысымен, тәбет ашатын иісті сезісімен ауызға сілекей төгіледі. Ол ауызға түскен тамақты шылау үшін керек. Әйтпесе тамақты шайнау және жұту өте қиын болар еді.

Бір үзім нан әлі ауыз қуысында тұрғанда-ақ қарын бездері оны қорытуға қажетті мөлшер мен құрамдағы сөлді даярлайды екен. Мұның бәрі сондай дәлдікпен үйлестірілген. Демек, біздің ішкі асханамыз не істеу керек екенін өздері-ақ алдын ала біліп тұрады. Ас қаншама тәбет тартарлық болып көрінсе, оның иісі бұрқырап қызықтыратындай болса, сілкекей мен қарын сөлі соншалықты көп бөлінеді. Ал егер тамақ ішу барысында басқа шаруамен айналысатын болсаңыз, мысалы, қызу әңгімелесіп немесе телефоннан бас көтермей қойсаңыз, сөлдің бөлінуі азайып, тіпті күрт кеміп кетуі де ықтимал.


Эльмира Қожахметова: «Ауру сәби жауапкершілігі жоқ әйелден туылады»
Қандай дәрумендердің атауын білмейміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу