Қандай дәрумендердің атауын білмейміз?

Oinet.kz 01-08-2019 1208

bbd62f8608b6ccd085d68f0028c6cc0d.png

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.

Адам ағзасына қажетті дәрумендердің медициналық атауынан бөлек ел арасында айтылатын «лақап» аттары болады. Мәселен, тиамин халық арасында «ақыл дәрумені» ретінде танымал. Оның жадыға әсері күштірек: ол жүйке жүйесін қорғауға қатысады және миды глюкозамен қамтамасыз етеді.  

B2 дәрумені (рибофлавин) ауыз екі тілде «қуат көзі» деп аталады. Зат алмасудың жылдам жүруіне, ақыл-ойды қажет ететін әрекеттерді басқарады, жүйке жасушаларының синтезіне қатысады, нейромедиаторлардың жұмысын күшейтеді.  

PP дәруменін (ниацин, никотинамид, никотин қышқылы) «тыныштық дәрумені» деп атауға болады. Ол ферменттердің синтезінде және ағзаға қажетті гормондардың биосинтезінде маңызды рөл атқарады.

Ал «қызыл дәрумен» деп деген лақап атымен белігілі В12 дәрумені ұйқыны реттейді.


Қандай сезіммен ішілген ас тез қорытылады?
Темекі шегетін адамдар қандай ауруға шалдығады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу