Теріскенді қалай кетіруге болады?
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Теріскен – қабақтың май безінің қабынуы. Көбіне тәннің ауруға қарсы күресу қабілеті төмендеген шақта шығады. Оны іріңдеткіш микробтар тудырады. Алғашында қабақтың шеті ауырып ісінеді де, 2-3 күннен кейін әлгі жерден бөртпе пайда болады. Яғни теріскен шыққанда қабақтың терісі мен шырышты қабығы ісінеді. Теріскен ішке және сыртқы болып жіктеледі. Теріскенді тудыратын бактериялар – стафилококктер. Ол әрбір адамның денесінде өмір сүреді. Көп жағдайда тыныш өмір сүргенімен, кейде белсенді болып, ірінді аурулар тууына себепші. Ағаш қасықты жылы күйінде көзіңізге бассаңыз теріскеннен құтыла алады екенсіз.