Енеме құрттап кеткен етті асып бердім

Oinet.kz 19-06-2023 25192

Жазғы демалысқа, ауылға ата-енемнің үйіне барып, қыдырып келгенбіз. Енем біздің келгенімізді көріп, маған "сарайда сүрленген ет бар, соны салып, асып жібер" деді. 

Screenshot_4.jpg

Барып көрсем сүр еттің іші шыбындап кетіпті, ақ құрттар жыбырлап жүр. Жақсылап жуып, бір бұрқ етіп қайнаттым да, суын төгіп тағы 3-4 сағат қайнатып алдым. Сосын үйдегілерге асып бердім. Негізі бұлай жасауға бола ма? Зиян емес пе? Дастархан басында өзім татып алмадым, әбден ұшынып қалыппын. Басқалар "тәтті болыпты" деп жеп алды. Өздері ғана жеп қойса мейлі ғой, бірақ енемнің баламды алдына отырғызып, етті асатып отырғанын көріп ішім біртүрлі болып қалды...

Енеме таң қалам. Сол ет құрттағанша не қарап жүрген?

Аш ішектің қатерлі ісігі ауруынан айықтырған шөп
Түркістан дәрігерлері 5 бүйрек ауыстыру отасын жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу