Бет терісіндегі дақтармен күресу
Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ,пигментті дақтардың пайда болуы 35-тен 40 жасқа дейінгі әйелдерде жиі кездесетін ең көп таралған ақау.
Теріде пигментация пайда болғанда,ағзада меланиннің біркелкі бөлінбеуінен хабар береді.
Бұл ақау жүктілік кезінде анық байқалады.Себебі,негізгі гормональды өзгерістер ағзада осы кезеңде болады.
Дақтардан құтылып,ағзадағы ақаудың пайда болу себептерін анықтау үшін арнайы маманның тексеруінен өту қажет.
Мұндай жағдайда көбінесе дәрігерлер меланинның жоғарылауына әкеп соқтыратын ағзадағы ақауларды анықтап,науқастарға арнайы емдеу курсы мен дәрі дәрмектерді тағайындайды