Жүкті әйелдің психологиясы
Жүктілік – әйел өміріндегі ерекше кезең. Болашақ аналарға тоғыз ай баласын құрсағында көтеріп жүру, өміріндегі қайталанбас ерекше кезең болып көрінеді.
Біріншіден, әйел осы кезеңде өзінің ағзасындағы бірқатар өзгерістерді байқайды:ол гормондардың әрекеті (пролактин, тиретропты гармон, окситоцин ж/е т.б.) және физиологиялық өзгерістер.
Екіншіден, әйел адамның ішкі дүниесі өзгереді, өйткені онда тағы бар жаңа адамға үлкен орын беріледі. Мұны психологияда болашақ ана мен нәрестенің арасындағы жіңішке психологиялық байланыс деп атайды. Әрине, мұндай құбылыс әйел психикасына өз әсерін тигізбей қоймайды.
Ол өзінің жүктілік статусын сезінгенде, оның сезімдері араласып кетеді. Үшіншіден, психологтардың кеңесі бойынша, жаман ойларды, бала көтерген немесе туған кездегі есіңізде қалған белгілі немесе белгісіз жағдайларды еске алуға жол бермеу. Әйелге табиғат сыйлаған сыйдың ішіндегі ең керемет жағдайына аса назар аудару керек. Өзіңнің уақытыңды көптеген пайдалы заттарға: серуенге, өнерге, жақындарыңмен қарым – қатынасқа, өз денсаулығыңды дамытып, нығайтуға жұмсау. Ең бастысы, жүкті әйелдің айналасындағы адамдар оны түсінуі керек.