Күнсұлу Закарья: Вакцинаға қарсы адамдар - надандар!
Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны әзірлеуші ғалымдар тобының жетекшісі, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья QazVac вакцинасы туралы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында түсіндірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Ел ішінде вакцина туралы түрлі алып-қашпа сөздер айтылып жүр. Көпшілік вакцинаны бедеулікке, белсіздікке шалдықтырады деп дүрбелең тудыруда. Енді бірі бұны масондармен байланыстырады. Масондар вакцина арқылы адамды робот қылып ұстайды екен. Сол себепті де көпшілік вакцина салдырмай жатыр.
- Бұл надандық, - дейді Күнсұлу Закарья. - Коронавирусқа қарсы вакцинаға егілмеймін дегендер - надандар. Бұлар биология ғылымының өсуінің, дамуының нәтижесін білмейтін, не білгісі келмейтін адамдар деп есептеймін. Мысалы малға міндетті түрде екпе салады. Олардың паспорты болады. Егер екпе салмаса мал қырылып қалады. Адамдар да вакцина салдырмаса қырылуы мүмкін. Үндістанда не болып жатыр? Тарихқа көз жүгіртсек, вакцинаның арқасында миллиардтаған адамдардың өмірі сақталған, - дейді ғалым.