Кімдерге шәй ішуге болмайды?

Oinet.kz 04-06-2020 924

Қан аздық ауруына шалдыққан адамдарға  мүлде шәй ішуге болмайды екен. Шәй әдетте қанда ерімейтіндіктен ауруды асқындырып жібереді. Бүйрегіне тас байланған адамдарға да шәй ішуге болмайды. Аш қарында шәй ішуге болмайды. Асқазан сұйықтығының бөлінуіне кері әсер беретіндіктен, ас қорыту жүйелерінің әр түрлі ауруларына душар етеді. Тамақтың алды-артында да шәй ішпегеніңіз жөн. Тамақ ішіліп, 20 минуттан кейін ғана «рахаттанып» отырып, шәй ішуіңізге болады. 

unnamed (2).jpg

Ұйықтар алдындағы екі сағат мөлшерінде мүлде шәй ішпеңіз. Түн асқан шәй өз құрамын тез өзгертеді. Бұдан абай болған жөн. Балаларға қанық, қою демделген шәйді ішуге болмайды. Бұл балаларды қан аздық, темір құрамы жетіспеу секілді ауруларға душар етеді. Егер жүрек ауруыңыз болса, мүлде шәй тұтынбағаныңыз жөн. Шәйдағы сергіткіш кофеин жүрек ритмін тездетіп жібереді. 

Телефонды күнмен шатастырып...
Ағзаңыз спортқа дайын ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу