Белсендірілген көмірдің пайдасы
Белсендірілген көмір бүгінгі күнге дейін өнеркәсіп пен медицина саласында қолданылып келді. Бүгінде аталмыш дәріні аруларымыз сұлулық әлемінде де пайдаланып жүр. Себебі, оның адам ағзасындағы зиянды заттарды жақсы сіңіретін өзгеше қасиеті бар. Оған 1811 жылы атақты француз химигі Мишель Бертранд жасаған тәжірибе дәлел бола алады. Мишель дозасы тым жоғары уды ішеді. Бірақ, умен бірге белсендірілген көмірді қабылдаудың арқасында химик тірі қалады, сондай-ақ өзін бірқалыпты сезінеді. Атақты ғалымдардың тұтынуымен өмірге келген кішкентай ғана қара таблеткалардың арқасында ағза удан және түрлі жағымсыз әсерлерден аулақ болады. Сонау ғасырлардан бүгінгі күнге дейін қолданыста болған дәрі заманауи өмірде де трендтен түспей келеді. Сонымен, белсендірілген көмірдің сіздің сұлулығыңыз үшін жасайтын ғажайыптарымен таныс болайық!
Артық салмақтан арылтады
Артық салмақтан арылуды ойлаған сұлуларымыз тиімді құрал ретінде белсендірілген көмірді қолданады. Расымен, оның артық майлармен күресуге ықпалы жетеді. Ол ішектегі шлактар мен токсиндерден құтылуға және салмақ тастауға жәрдемдеседі.
Жағымсыз иісті жояды
Тоңазытқышағы жағымсыз иістер – үй шаруасындағы әйелдер үшін жиі кездесетін мәселе. Оның себебін табу және шешу қиынға соғуы мүмкін. Себебі, тоңазытқыштағы жағымсыз иістер қанша жусаң да жойылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда белсендірілген көмір мен сұр нанды пайдалану керек. Таблеткаларды ұнтақтап нанның арасына салып, тоңазытқыштың барлық сөресіне қойып шығыңыз. Осы әдістерден кейін тоңазытқышта мүлдем иіс қалмайды.
Үй қабырғаларын көгеруден сақтайды
Ылғалдылығы жоғары жерлерде уақыт өте келе зеңдер мен саңырауқұлақтар пайда болады. Ал, олардан дер кезінде құтылу қиынның қиын. Алайда, бұл қолайсыздықты белсендірілген көмір таблеткалары шеше алады. Мысалы, асхана және жуынатын бөлме, терезе төсеніштері сынды ылғалдылық деңгейі жоғары жерлерге белсендірілген көмір таблеткаларын қолдануға болады.
Табиғи су сүзгісі
Көмір өндірістік қалдықтар мен судағы химиялық заттарды жақсы сіңіреді. Сол себепті, суды тазарту үшін белсендірілген көмір таблеткаларын қолдануға рұқсат. Ол үшін сізге су құятын контейнердің диаметріне сәйкес келетін екі шеңбер пішіндес мата қажет болады. Кішкене шұңқырды қалдырып, шеңбер пішгіндес маталарды тігіңіз. Суды контейнерге құйып, майдаланған көмірмен толтырыңыз. Су толы ыдыстың бетін әлгі матамен жауып, жұқа сыммен немесе жіппен байлаңыз. Аздаған уақыттан соң таза су тұнбасын көре аласыз.
Ауа тазартқыш
Сіз белсендірілген көмір арқылы жағымсыз иістерді кетіріп қана қоймай, бөлме ауасын тазарта аласыз. Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген ауа тазартқыштары ағзаға қауіпті екенін бәрі біледі. Ал біз пәтердегі сүйікті хош иісті мүмкіндігінше тұрақты ұстап тұрғымыз келеді. Егер де үйіңіздің хош иісін сақтағыңыз келсе белсендірілген көмір таблеткасын эфир майына салып, оны пәтердің әр бұрышына қойыңыз. Осылайша, сіздің үйіңіз жұпарлығы екі еселене түседі.
«Қара маска»
Бағасы жоғары сенсациялық қара масканы белсендірілген көмір арқылы да дайындауға болатындығын білесіз бе? Ендеше хабардар болыңыз! Активтендірілген көмірдің 3 таблеткасын ұнтақтап, қоспаға үш ас қасық су мен желатин қосып мұқият араластырыңыз. Алынған затты терінің проблемалы жерлеріне жағып, 15 минут күтіңіз. Аздаған уақыт ішінде жүзіңізде сәл де болса өзгеріс бар екенін аңғарасыз.
Масаңдыққа қарсы тұрады
Кейде көңілді кеште алькоголді ішімдік тұтынған болсаңыз таңертең бойыңызды билейтін жағымсыз сезіммен де таныс боларсыз. Қиын жағдайдан шығудың жолы оңай. Таңнан қара кешке дейін тынымсыз тірлік істеуіңізге көмірдің бар болғаны бір ғана таблеткасы жәрдемдеседі. Ол, әлсіздікке, бастың ауруына және жүректің айнуына жол бермейді.
Косметикалық мұз
Белсендірілген көміртегі қосылған мұз текшелерінің - теріні сергітіп, жасартатын, сонымен қатар май бездерін қалыпқа келтіретін қасиеті бар. Мұндай мұзды дайындау үшін ұсақталған көмір таблеткаларын сумен араластырып (100 грамм суға 1 таблетка), қалыпқа құясыз. Дайын болған мұз текшелерін таңертең жууға қолдансаңыз болады.
Шаш тазалығы
Белсендірілген көмірдің сіңіргіш қасиеті шаш фолликулалары мен бас терісін тазартаудың тиімді әдісін көрсетеді. Ұсақталған көмір таблеткасын сусабынның бір бөлігіне жағып, шашыңызды қоспамен жуыңыз. Бұл процедура майлы жылтырды жояды және таза шаштың әсерін ұзартады.
Денеге арналған скраб
Белсендірілген көміртегі - теріні тазартатын таптырмас құрал. Бір таблетканы ұнтақтаңыз, алынған ұнтақты сұйық балмен араластырыңыз және дайын болған скрабты денеңізге жаға беруіңізге рұқсат. Мұндай құрал әбден буланған теріге жақсы жағылады. Аталмыш қоспаны аптасына бір рет қолдансаңыз жеткілікті.
Көз сүрмесі
Табиғи косметиканы ұнататындар мен арнайы сүрмесі жоқ аруларымызға белсендірілген көміртек көмектесе алады. Көмір таблеткасынан кірпіктің әдемі көрінуіне әсер ететін тушь дайындауға болады. Ол үшін ұсақталған белсендірілген көмір таблеткаларына жажоба майы мен алоэ шырынының бірнеше тамшысын қосып, мұқият араластырыңыз. Дайын болған қоспаны ыңғайлы контейнерге құйып, күнделікті тушь ретінде пайдалануға рұқсат.
Жууға арналған құрал
Сіңіргіш қасиетінің арқасында белсендірілген көміртек теріні жақсы тазартып, артық майды кетіреді. Сондай-ақ, безеуді кетіріп, әжімдерді тегістеуге көмектеседі. Сондықтан күнделікті жуыну кезінде ұнтақталған белсендірілген көмір таблеткаларын қолдануға болады.
Нұр ЖІГЕРЛІ