Егіздер мекені

Oinet.kz 04-06-2020 911

Әр мемлекеттің басты байлығы – адам. Қазақстанда да адам өмірі барлығынан да маңызды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында көптеген арнайы бағдарламалар қабылданып келеді. Әсіресе ана мен бала денсаулығына ерекше мән берілуде.  Сондықтан мемлекет өз кезегінде ұлт саулығына мән беріп, медицина саласын заман ағымына қарай жаңғыртумен қатар, ана мен бала денсаулығына ерекше ден қойып келеді.

Демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысында өзге аймақтарға қарағанда дүние есігін ашатын сәбилердің саны басым. Соның ішінде Келес ауданы да «періштелердің» туылу жағынан алда келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 2018 жылы  Келес ауданында 2178 нәресте дүниеге келіпті. Оның 2-і — үшем. Ал 2019 жылы, жалпы — 3377 нәресте туылса, соның ішінде — 1620 қыз, 1757-сі ұл. Ал 44-і — егіз.

Статистикада көрініп тұрғандай жылма жыл аудан халқының саны артып келеді. Әсіресе егіздердің көрсеткіші жоғары. Қазақта баланы санамайды дейді. Әйтседе көз тимесін дейік. 

Неке алдында тексеруден өту ұрпақ салауаттылығын арттыра ма?
«Бала доғдыр» (Әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу