Сәбидің құлағын тазалауға бола ма?
Дәрігерден жас нәрестенің құлағын тазалауға бола ма деп сұрасаңыз, әлдебетте жоқ деп жауап береді. Расында да сәбидің құлағын тазалауға болмайды екен. Сонда емізулі баланың құлағы лас болып жүре беру керек пе деген сұрақ туындайды.
Құлақта өзін-өзі тазартатын керемет құрылым бар екен. Құлақтың ішінен құлық деп аталатын сұйықтық бөлінеді. Ол бактерияның кіруіне кедергі келтіретін және зақымданудан құлақты қорғайтын майлы материал. Қызмет етіп болған құлық ақырын сыртқа қарай құлақ қалқанына шығады. Біз шайнау қозғалыстарын жасағанда және есінегенде, оның сыртқа шығуына көмектесеміз. Сәйкесінше, құлық құлақ қалқанына шығады. Біз соны ғана тазалауымыз керек. Сондықтан үлкен адамдың да, сәбилердің де құлақ каналын емес, тек оның қалқанын тазалау керек.