Ас атасы – нан!

Oinet.kz 26-05-2020 958

Hан өнімдері тағам өндірісінде ең басты орынды алатыны барлығымызға белгілі. Өйткені нанның құндылығы өте жоғары. Орта есепппен нан құрамында 5,5-9,3 пайыз aқуыз, 0,7-1,3 пайыз май, 1,4-2,5 пайыз минералды заттар, 39-47 пайыз су болады. Сонымен қатар нанның тағамдық қуаттылығына мынандай көрсеткіштер әсерін тигізе алады: сапасы, дәмі иісі, және сыртқы түрі.

Без названия.jpg 

Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы алатын шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз, шығынсыз, ұтымды, тиімді пайдалану, ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті энергиямен, яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, минералды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл энергия көздері нанда көп кездеседі, және организмге күнделікті түсіп отырады.

Нан өнімдері:

1) қауіпсіздігі техникалық реттеу және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамаға сәйкес расталған шикізаттан және қосалқы материалдардан жасалуға;

2) органолептикалық көрсеткіштер бойынша нанның, нан-тоқаш өнімдердің нақты түрлеріне арналған нормативтік-құқықтық және (немесе) техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болуға;

3) белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген нақты атауы бойынша өнімдерге арналған рецептуралардың, технологиялық нұсқаулықтардың немесе нормативтік құжаттардың негізінде қатталып немесе қатталмай жасалуға;

4) құрамында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган қолдану үшін рұқсат еткен тағамдық қоспалар, хош иісті заттар болуға;

5) сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәсілмен өлшеп салынуға және оралуға;

6) экологиялық тазалығы бойынша экологиялық таза өнімге арналған стандарттар нормаларына сәйкес келуі тиіс.

Нанды, нан-тоқаш, ұннан жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған шикізатты сақтауға арналған үй-жайлар: 

1) таза, құрғақ, жақсы желдетілген, зиянкестермен залалданбаған, салыстырмалы ауа ылғалдылығы жетпіс бес пайыздан аспайтын атмосфералық жауын-шашыннан қорғалған; 

2) оларға кеміргіштердің, құстар мен жәндіктердің енуінен қорғалған; 

3) салмағын, температурасын, ауасының салыстырмалы ылғалдылығы, уақытын өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандырылған болуға тиіс. Мониторингтің деректерін шығарылған өнімнің жарамдылық/сақтау мерзімі ішінде сақтау қажет.

Нан өнімдері санитарлық паспорты бар, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін, дайын өнімнің тағамдық құндылығының, физикалық-химиялық және микробиологиялық сипаттамаларының сақталуын, сондай-ақ шаңнан, зиянкестерден және басқа да бұзылуы немесе жұқтырылуы ықтимал факторлардан қорғалуын қамтамасыз ететін көлік құралдарында ғана тасымалдануға тиіс.

Нанды өңдеуде, сақтауда, тасымалдауда, тұтынарда және сатып алуда осы қағидаларды міндетті түрде ұстануды ескертеміз! Бұл өз денсаулығымызбен, келешек ұрпақтың саулығы үшін өте маңызды.

Ә.МОЛДАРАХЫМҚЫЗЫ,

Тағам объектілерінде инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы

Еуропа дәрігерлерінің де бізден үйренері көп
Гарра Руфа. Балық сізге педикюр жасайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу