Жүктілікте қан қысымынан абай болыңыз!

Oinet.kz 26-05-2020 967

Жүктілік кезіндегі қан қысымының көтерілуі – өте күрделі жағдайлардың бірі. Сол себепті аяғы ауыр әйелдер тұрақты түрде қан қысымын тексертіп отыруы қажет.

news_full1571153694cba2a4709821ca0dbb0b92ac20ef9705.jpg

 Жүктілік кезінде қан қысымының көтерілгенін әрбір әйел сезінуі тиіс. Себебі, мұндай жағдайда әйелдің мазасы қашып, басы ауыра бастайды. Осындай ауырсынуларды байқаған жүкті ана өзінің жағдайын айтып, дәрігер қабылдауына баруы тиіс. Егер де алдын алмаған жағдайда, болашақ ананың денсаулығы күрт нашарлап, гестоз ауруына ұласуы мүмкін. Гестоз – қалыпты жүктіліктің бұзылуы немесе қиындай түсуі. Мұндай жағдайда ағзадағы сұйықтық бөлінісі азайып, аяғы ауыр әйелдің аяқ-қолы ісіне бастайды. Сонымен қатар несепте ақуыз пайда болады.

АИТВ жұқпаланған адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік
Ауруын меңзеген дыбыстар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу