Алғашқы протез
Осыдан 3 мың жыл бұрын жерленген ертеғасырлық мумияларды зерттеу барысында археологтар жер бетіндегі алғашқы аяқ протезі Мысырда пайда болғанын дәлелдеді.
Ғалымдар қорымнан табылған мумияны зерттей отырып оның оң аяғының башпайлары өзінікі емес екенін анықтады. Яғни, аяқ саусақтарының орнына ағаштан жасалған башпайлар жалғанған. Мамандар протез косметикалық мақсатта емес ем үшін жасалғанын айтады. Мумия сол протезбен жүріп-тұрып, тіпті мысырлықтарға тән сандалиді де киіп жүрген. Бұл сол ғасырдағы медицинаның ең үлкен жетістігі дейді ғалымдар.