Скринингтен кімдер өтеді?

Oinet.kz 25-05-2020 945

Скрининг – қауіп факторлары мен ерте сатыдағы ауруларды анықтау үшін белгілі бір жастағы дені сау тұлғаларды медициналық жағынан алдын ала қарау. Оны жүргізу емдеу тиімділігін арттырумен қатар аурудың асқынып кетпеуінің алдын алады.

Кто и когда должен проходить скрининг - Новости Казахстана и мира ...

Скрининг көлеміне мыналар кіреді:

- Антропометриялық өлшеулер (бойы, салмағы,белінің өлшемі);

- Артериальдік қысымды өлшеу;

- Мақсатты топқа байланысты зертханалық және құралдық зерттеулер жүргізу.

Скринингке мына жас топтары жатады:

- 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағылардың көзішілік қысымын өлшеу;

- 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68,70 жастағылардың қанында холестерин мен глюкозаның деңгейін анықтау;

- электрокардиография – көрсетімдері бойынша;

- кардиолог, эндокринолог, офтальмолог қараулары – көрсетімдері бойынша;

- балалардың В және С созылмалы гепатитінің маркеріне қан талдауы – қауіп тобынан.

Бұл зерттеулер жүрек тамырлары ауруларының, қант диабетінің, глаукомкның және олардың қауіпті факторларының, ерте сатысын анықтауға мүмкіндік береді, сол сияқты инсульт, инфаркт, суқараңғы, цирроз және бауыр рагы сияқты қауіпті асқынуды болдырмауға және сырқаттарды дер кезінде анықтап емдеуге жол ашады.

Рактың пайда болуын тудыратын патологиялық өзгерістердің орын алмауы үшін, сол сияқты, ісікті ерте сатыда анықтау үшін әйелдер мыналардан өтуі керек.

Жатыр мойны рагы:

- 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жаста патологиялық өзгерістердің орын алмауы үшін жатыр мойнының сүртіндісін цитологиялық зерттеу;

- акушер-гинекологтың қарауы, кольпоскопия – көрсетімдері бойынша;

Сүт безінің рагы:

- 40, 42, 44, 46, 48,50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағыларды сүт безі бойынша рентгологиялық зерттеу (маммография);

- маммолог, онколог қарауы – көрсетімдері бойынша;

Колоректальді рак:

- 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68,70 жастағы әйелдер мен ерлер;

- тік және тоқ ішектің ауруларын ерте анықтау үшін нәжісті жасырын қанға тестілеу;

- оташының, проктологтың, гастроэнтерологтың қарауы, тік және тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу – көрсетімдері бойынша.

Бұл зерттеулер жаппай жүргізілген елдерде жатыр мойны, сүт безі және тоқ ішек рагынан өлім күрт азайған.

Нәрестенің тамақтануы
Жұқпалы сары аурудың алдын алу маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу