Сүндет той

Oinet.kz 25-05-2020 1491

Қазақта шілдеханадан соң ең атаулы той – сүндет тойы. Ес тоқтатата бастаған баланың өз өміріндегі ағайын-туыс ортасында өзіне деген ықыласты сезініп, құттықтаулар мен бата-тілекті қабылдайтын алғашқы тойы. Бұл күнгі бар назар сүндеттелген балада болмақ.

unnamed (2).jpg

Медицина ғылымында «циркумцизия» (лат. Circumcisio – дөңгелете кесу) деп аталатын сүндеттендірудің ата-баба дәстүріне қай кезеңнен бері айналғанын ешкім нақтылы ен тағып айтып бере алмай келеді. Әу баста ислам дінінде 3-5 жастағы ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасаған ғұрыптың б.э.д. Мысырда кең қолданылғаны мәлім боп отыр.

Сүндеттелген перғауын бейнесі мен ересектеу екі баланы сүндетке отырғызу рәсімі көрсетілген папирус суреттерінің Каир мұражайында сақталғаны дәлел боп қабылданды. Демек, баланы сүндеттеу тарихы тереңде жатса керек.

Этнограф Досымбек Қатранұлының айтуынша, сүндеттеу дәстүрі Х-ХІ ғасырда исламнан келіп, жалпыхалықтық болғанын айтқан. Ислам дінінен өзге діндерде де сүндеттеу рәсімінің болғанына куә ретінде сүндеттеу дәстүрі еврейлерде ерекше мереке боп саналатынын айтсам, артық айтпаған болармын.

Кәсіби маман – денсаулық кепілі
Что такое эпилепсия? Как помочь человеку справиться с внезапным приступом?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу