Кәсіби маман – денсаулық кепілі
Кез келген қоғам ең алдымен халық денсаулығын ойлауы тиіс. Материалдық, рухани игіліктерді дүниеге әкелетін де, жаңғыртып, жетілдіретін де сол қоғамның байлығы – халық.
Бүгінде денсаулық сақтау саласындағы реформалар қазіргі өзгерістермен тығыз байланысты. 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарлама енген, барлық әлем қолға алып жатқан салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурудың алдын алу бағыты, денсаулық сақтау саласына, аурудың алдын алуға тікелей бетбұруға әкеледі десек, осы реформаларды жүзеге асыратын абзал жандар дәрігерлер.
Осындай игі шараларға оң қадам басып, облыс халқына үмітпен өмір отын сыйлап отырған медицина мекемелерінің бірі – Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансері.
Ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келе жатқан қауіпті кесел туберкулез десек, туберкулезбен күрес мәселесі назардан бір сәтте тыс қалған емес. Мекеме қызметкерлерінің тәжірибесі кәсіпқойлығы, білімімен шеберлігі адам өмірімен денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауы қоғамның тұрақты дамуының кепілі.
Қауіпті кеселдің алдын алу, онымен залалданудың үлес салмағын азайту мақсатында, туберкулез ауруын жеңіу жолында аянбай еңбек етіп, көпшілік алғысын арқалап келе жатқан дәрігерлердің ерең еңбегі мемлекет тарапынан да ескертусіз қалған емес. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші жаңында жүрген жайдары жандардың игі істерін атамай кету мүмкін емес. Оларды бөле жарып қарауға да болмайды. Өзгенің өміріне ара түсіп, өзгенің жанының амандығын тілейтің ақ халатты абзал жандар атанып, дәрігер мәртебесін асқақтатып жүрген еңбек майталмандары – Сарсенова Мариям Таштайқызы, Мухамедьярова Ағила Шондыққызы, Қорғанбаева Сара Ноғайбайқызы және Пернебаева Ғалия Ниятқызы. Олар ширек ғасыр өтсе де жаны сүйген мамандығына беріле еңбек етіп келеді. Ізденімпаздығымен, еңбекқорлығымен әріптестеріне үлгі болып жүрген жандар.
Құрметті әріптестер, ширек ғасырдан тойланып келе жатқан медицина қызметкерлері күні мерекесімен құттықтап, еңбектеріңіз абыройлы, өмірлеріңіз баянды болуын тілейміз.