Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Соңғы 20 жылда вакцинациялаудың көмегімен инфекциялық ауруларды және олардан қайтыс болуды азайту үшін көп жұмыс атқарылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Оның айтуынша, вакцинациялаудың арқасында соңғы жиырма жылда тұрғындар арасында қызамықпен сырқаттанушылық төрт мың есеге, эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылық 106 есеге, «В» вирустық гепатитімен сырқаттанушылық 38 есеге төмендеген.
Вакцинациялау – бұл вакцинаны енгізу арқылы адамда иммунитет пайда болдыратын немесе инфекциялық ауруға сезімталдық болмайын процесс.
– Профилактикалық егулер жүргізу алдында егілетін адамды медициналық тексеріп қарау денсаулық жағдайының нашарлауына шағымданған жағдайда немесе аурулардың объективті белгілері болған кезде жүргізіледі. Мұның Манту реакциясынан басқа, барлық вакциналарға қатысты екендігіне назар аудару қажет. Манту жүргізгеннен кейін 72 сағаттан соң нәтижесін медицина қызметкері бағалайды және қажет болған жағдайда медициналық тексеру тағайындалуы мүмкін, – дейді ол.
Вакциналарды енгізгеннен кейін инъекцияға жергілікті реакция болуы мүмкін. Бұл жергілікті қызару, ауырсыну және тіндердің қатаюы. Бұл асқыну өздігінен жүреді және әдетте ешқандай араласуды қажет етпейді. Егу орнындағы қызару организмнің егуге жергілікті реакциясы болып табылады және гигиеналық талаптардың бұзылуының белгісі емес. Вакциналарды енгізудің қауіпсіздігі үшін бір рет пайдаланылатын стерильді шприцтер мен инелер пайдаланылады.
Профилактикалық егу жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмаған кезде фельдшер егілетін адамға медициналық тексеріп-қарау жүргізеді. Иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда егілетін адамның медициналық құжатына егу жүргізуге рұқсатты ресімдейді. Егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі мүмкін болатын реакциялар және қолайсыз көріністер, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпаратты береді.