Тамақтан улану белгілері

Oinet.kz 10-02-2020 1541

Screenshot_3.jpg

Тамақтан улану – бұл асқазан-ішекке тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Құрамында агрессиялы химиялық заттары бар немесе бактериялары бар тамақты ішкеннен кейін, токсиндер қан құрамына ақырын сіңіп,улану тудырады.

Тамақтан улану белгілері:

Тамақтан улану көбінесе тез жүреді. Қысқа ғана уақыттың ішінде өзін жақсы сезінудің арты келесі белгілерге ұласады:

- жүрек айну, құсу;

- диарея;

- асқазан және/немесе ішек ауруы;

- жалпы әлсіздік, ұйқы қашу;

- бас ауруы.

Емдемесе бұл белгілер күшейе түсуі мүмкін. Токсиндердің түріне және олардың санына қарай бүйректің, орталық жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесі жұмысының бұзылуы байқалуы мүмкін. Әсіресе, баланың улануы, белгілі бір аурудан енді жазылған егде адамның жағдайы одан әрі ауыр болуы мүмкін.

Тамақтан уланудың себептері

Улану көбінесе мерзімі өтіп кеткен, өмір сүру деңгейі бактерияға ұшыраған, сондай-ақ химиялық заттармен бүлінген азық-түлікті қолданғанда пайда болады.

Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстанымдары:

1.инфекция көзін оңашалау;

2.Тамақтан улануды шақыратын қоздырғыштардың азық-түліктерде тұқымдану жолдарын үзу;

3. Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын азықтарды заласыздандыру;

4. Микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзудің алдын-алу.

Тамақтан уланудың профилактикасы:

1.Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз;

2.Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.

3.Пісірілген тамақты бірден пайдалыныңыз.

4.Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.

5.Алдын-ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.

6.Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз. 

7.Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.

8. Ас үйді таза ұстаңыз

9.Таза суды пайдаланыңыз.

10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз. 

М.БАБАКУЛОВА, 

Жуйнек дәрігерлік емханасының жалпы тәжрибелі дәрігері

Тамақтану гигиенасы
Вакцинация қандай ауру түрлерін азайтты?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу