Пилингті үй жағдайында жасаудың әдістері

Oinet.kz 05-02-2020 1604

Қалыпты және аралас теріге ең көп дегенде аптасына бір рет және құрғақ және сезімтал теріге екі аптада бір рет үйде пилинг жасауға болады. Ең қарапайым әдіс – жемістер қышқылы негізінде үй жағдайында пилинг жасау. Ол үшін апельсин мен ананастың жаңа сығылған шырынының ас қасығын алып араластырыңыз да, теріге 3-5 минут жағып қойыңыз (цитрусқа аллергияңыз болмаған жағдайда ). Осындай пилинг терінің қабыршықтанып кетуінен қорғайды, безеумен және пигмент дақтарымен күресуге көмектеседі, сондай-ақ, жасартып, сергітеді. Цитрустарды алма шырынымен, киви жұмсағымен алмастыруға немесе ассорти жемістерді қолдануға болады. 

Тағы бір қауіпсіз әдіс – ұсақ тұзды кілегеймен қою консистенцияға дейін араластырып, бетке жағыңыз. Тері құрғақ болғанда тұздың орнына қоңыр қантты қолданған дұрыс. 

Screenshot_13.jpg

Жасарамын деп бүлдіріп алмаймын ба? 

Бұл пилинг жасатар алдында  кез-келген қыз-келіншектің алаңдайтын сұрағы. Пилингтің кез-келген түрінің адам денсаулығына кері жақтары болады. Мысалы, химиялық тазарту кезінде инфекция түсу немесе теріңізде бір затқа аллергия болуы әбден мүмкін. Және де оны жасатқаннан кейін көп уақыт бетіңіздің қызаруы мен ісуі кетіп болмайды (бірнеше күндер, кейбір түрлерінде 7-10 күн). Иә, сосын пилингтің нәтижесі уақытша ғана екенін ұмытпаңыз. 

Дерматокосметологтар пилингті тек сау теріге жасау керектігін айтады. Егер бетте безеу немесе өзге де тері аурулары кездессе процедураны жасатпаған дұрыс. Сондай-ақ жүкті және емізулі әйелдерге пилинг жасау қауіпті. Бет тазартуға ниетті адамның дене қызғуы көтеріліп тұрса және басқа да асқынған аурулары болса немесе қан тамырлары теріге жақын орналасса косметолог пилинг жасаудан бас тартуы керек. 

Пилингтің қандай түрлері бар?
Пилинг теріні өлі клеткалардан арылтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу