Пилингтің қандай түрлері бар?
Терінің құрамына байланысты пилинг бірнеше түрге бөлінеді: механикалық, химиялық, физикалық және биологиялық.
Механикалықтың өзі лазерлі, вакумды және ультрадыбысты болып үшке бөлінеді. Алғашқы тәсіл механикалық аппараттардың көмегімен жасалады. Ультрадыбысты әдіс терінің өлген қабатын алып тесіктердің ашылып безеулердің тазаруы үшін жасалады. Ультрадыбыс әсерінен теріңіз артық кір, улы заттар мен қосылыстар, майдан тазарады. Сондай-ақ бұндай дауа жасушалардың қалпына келуіне көмектеседі, нәтижесінде әжімдердің тартылуына бастама бола алады. Байқалатындай әсер алу үшін бұндай дауадан бірнеше мәрте өту керек. Вакуумды тазалауды арнайы вакуумды қондырмамен жасайды. Ол теріге жабысып, одан артық кір мен майды сорып тазалайды.
Химиялық пилинг болса механикалық аппараттардың көмегінсіз химиялық қоспалардың көмегімен жасалады. Бұл пилингте әртүрлі қышқылдарды бетке жағып сол арқылы өлген тері қабатынан арылтады. Бетінде ұшықтары тым көп, акне ауруына шалдыққандарға бұл таптырмас шешім. Оған қоса, бұл дауа теріні жасартады.
Ал физикалық тәсіл сұйық азот және құрғақ мұзбен тазарту. Беттің тазаруы тегістелуі және жасаруына көмектеседі.
Пилинг 3 кезеңнен тұрады. Жеңіл немесе сыртқы, орта деңгей және терең жасалатын пилинг. Мамандар алғашқы уақытта жеңіл пилингтен бастағанды ұсынады. Ол беттің тек сыртқы қабатына ғана арналған. Әрі қарайғы саты оның теріге сіңуіне байланысты жасалады. Мысалы, терең пилинг беттің ішкі қабатына дейін сіңеді. Пилингтің құрамында лимон қышқылы, глюкоза, алма қышқылы сықылды химиялық элементтер болғандықтан, бетке жағу барысында оның теріні тітіркендіруі қалыпты жағдай. Үш сатыда беттің қалыпқа келуі үш түрлі болады. Мысалы, алғашқы пилингте бетіңіз көп өзгеріске түсе қоймайды, ал жоғары сатыда бетіңізде қабыршықтар пайда болып, күйік шалғандай күйге енеді. Бірақ, оны өзі қалыпқа келгенше түртпеу керек. Себебі, бетіңізде тыртық қалып қоюы мүмкін. Пилингтен кейін салондарға барып бетті нәрлендіру де артық етпейді.