Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Пилинг немесе эксфолиация деп аталатын косметологиядағы бұл процедура бетті қалыпқа келтіруге арналған. Беттің сыртқы қабатынан бастап тазалайтын бұл техника сыртқы көріністің әдемі болуына, дақтардан тазаруына ықпал етеді. «Рeel» ағылшынша «тазарту» деген мағынаны білдіреді.
Пилинг Ежелгі Египетте теріні тазартудың бір әдісі ретінде пайда болған. Орта ғасырда пилингке шарап және шарап қышқылы қолданылған екен. Косметологиялық бұл процедура Азия елдерінде де орта ғасырларда кең етек ала бастаған. Әрине, ол кезеңдегі бет тазарту мен қазіргі процедураны салыстыруға келмейді. Бүгінде бұл әдісті көп жағдайда арнайы мамандар сұлулық салонында жасайды. Косметологтар пилингтен кейін тері жас баланікіндей балғынданып шыға келеді дейді. Бір сөзбен айтқанда пилинг жасарудың құпиясын іздеп жүрген жандар үшін нағыз қажетті тәсіл.