Пилинг теріні өлі клеткалардан арылтады
Бүгінгі таңда пилинг процедурасын жасататын қыз-келіншектер өте көп. Негізінен пилинг ертеден келе жатқан бет тазалаудың әдісі. Тек ол қазіргідей заманауи аппарат пен косметикалық құралдар болған жоқ. Мен танымал, сапасы дәлелденген әлемдік брендттердің құралдарын қолданамын. Пилингтің түрі өте көп. Оны клиенттің қалауы бойынша және терінің түріне қарай таңдаймын. Бұл тәсілдің адам денсаулығына ешқандай кері әсері жоқ. керісінше пилингтен кейін бет терісі демалып, балғынданып шыға келеді.
Ол тері саңылауларын азайтады және теріні едәуір жұмсартады, тегістейді және оған сау және жарқын түр береді. Күнделікті қоршаған ортадағы шаң-тозаң, түтін бетіміздің терісін құрғатып, өңін айнытады. Отыз жастан асқаннан кейін тері өлі клеткалардан арыла алмай өздігінен жасара алмайды. Мұндай кезде пилинг жасатуға кеңес беремін. Егер клинет бұрын-соңды онкологиялық аурулармен ауырмаған болса және бетінде ешқандай жарақат, безеу болмаса тазартудан қорықпау керек. Тек бетті тазалағаннан кейін күн сәулесіне қатты күюге болмайды.